Оқу өндірістік жұмысы

Кәсіби тәжірибе.

Өндірістік оқыту және кәсіби тәжірибе Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарттарына және келесідей құжаттарға негізделеді:

  1. ҚР 2007 ж «Білім туралы» Заңы;
  2. Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК Жарғысы;

3. «Кәсіби тәжірибелерді өткізу және бекіту туралы» ҚР БжҒМ 29.01.2016 ж №107 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2016 ж 21 қаңтарындағы № 50 « Дуалды оқытуды ұйымдастырудың ережелерін бекіту туралы» бұйрығы;

5. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 28 қаңтар 2016 жылғы № 93 «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» бұйрығы;

6. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаужүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы

7. «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 18 маусым 2012 жылғы № 50 бұйрығы;

8.ҚР ұлттық экономика Министрінің 29.12.2014ж № 179 санитарлық ережесін бекіту туралы «Білім беру нысандарына санитарлы-эпидемиологиялық талап» бұйрығы;

Колледже тәжірибелік оқытуға көп көңіл бөлінеді. Өндірістік ұжыммен , өндіріс орындарымен, әлеуметтік серіктестіктермен, Консультативті кеңес құру үшін байланысты кеңейтуде жұмыс жүргізіліп отырады (09.09.2016 ж№ 76 бұйрығы ).

Кәсіби тәжірибе өндіріс базаларында, келісімшарт негізінде жұмыс берушілер ұсынған жұмыс орындарында өткізіледі , сонымен қатар тәжірибелік дағды мен кәсіби құзіреттілігін қалыптастырады.

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйесі енгізілді.

Әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында колледж және жұмыс берушілер арасында қол қойылды:

– «Өндірістік Инновациялық компаниясы «ASTANA Ютария Itd» ЖШС 28.08.2015 ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы Меморандум

– (2014/2015) «Іскер» бизнес академиясымен тыңдарман тәжірибесін және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру даярлығы бойынша Меморандум , тігін цехы базасында жалпы сомасы 885000 теңге болатын ақылы курс ұйымдастырылды, тігін цехының жалпы сомасы – 30 000 теңгеге толықтырылды.

– Tampere Vocational College (Финляндия) 03.10.2016 ж халықаралық ынтымақтастық;

-159 келісімшарт кадр даярлауға, кәсіби тәжірибеден өтуге және студенттерді жұмыспен қамтуға жасалды.

Кәсіби тәжірибеден өтуге өндірістік орындарымен жасалған келісімшарт саны

Мамандық атауы Кәсіби тәжірибеге өндірістік орындарымен жасалған келісімшарт саны
2014-2015 2015-2016 2016-2017
1 0508000«Тамақтандыруды ұйымдастыру» 108 121 136
2 1211000 «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» 25 6 23
3 0402000 «Дизайн» 24 30
Барлығы : 157 157 159

«Дуалды оқыту» бойынша 3 келісімшартқа қол қойылды :

  1. ЖШС «Елорда асханасы» 09 қыркүйек 2016 ж.
  2. ЖШС «Жетістік 2014» 02 қыркүйек 2016 ж
  3. ЖШС «МАК-СЕРВИС ЛТД» 11 қазан 2016 ж.

Заманауи технологияларды оқыту мақсатында студенттердің кәсіби тіжрибелерін ұйымдастыра отырып, кәсіби тәжірибелер Ережесі негізінде келесідей әлеуметтік серіктестіктермен келісімшарт жасалды:

1. «Рамада Плаза Астана» Қонақ үй кешені ;
2. «Rixos Astana» Қонақ үй кешені ;
3. «Империя G» қонақ үй кешені;
4. ЖШС «Kaz Management Group»;
5. ЖШС «Компания Егоркино»;
6. ЖШС «Фирма Алан»;
7. ЖШС «Центр Комплект LTD»;
8. Radisson SAS Hotel, Astana» қонақ үй кешені;
9. «Астана қаласы әкімінің іс Басқармасы» Астана қаласы әкімінің Аппараты;
10. «Solux Hotel Astana» Қонақ үй кешені;
11. ЖШС «Елорда Асханасы»;
12. «Марриотт» Қонақ үй кешені ;
13. Кофейня «Сofee boom»;
14. «Hilton» Қонақ үй кешені ;
15. « Астана қонақ үйі» АҚ;
16. «Файн Отель Туризм Ишлетмеджилик» АҚ Ф;
17. ЖШС «АХА ЛиК»;
18. Суретш қоры;
19. ЖШС «ARKA ST»;
20. ЖШС «Елорда асханасы»;
21. ЖШС «Жетістік 2014»;
22. ЖШС «МАК-СЕРВИС ЛТД»;
23. ЖШС «Производственная Инновационная компания «ASTANA Ютария Itd»;
24. ЖШС «TATEX»;
25. «Крокус» Компаниясы және т.б..

Әлеуметтік серіктестік базасында ағымдағы жылда 784 адам кәсіби тәжірибеден өтті, үзідіктерге сертификат табысталды.

Кәсіби тәжірибені аяқтағандары туралы сертификат алған студенттер жөнінде мәлімет

Astana Marriott Hotel Rixos President Astana Hotel Hilton Garden Inn Astana Hotel Soluxe Hotel Astana Radisson Hotel, Astana

Park inn

Отель Комфорт Астана Global

Eagle̋́s

Ansab Group (Рамада Плаза) Tarantino Жумбактас

Арка Ибис б/п
2014/2015 о.ж 52 130 30 25 47 35 9 10 17
Всего 355 сертификат
2015/2016 о.ж 41 90 39 34 41 20 9 17 41 17 52
Всего 401 сертификат
2016 – 2017 І жартыж 24 25 9 32 14 7 10 10
Барлығы 131. сертификат

Кәсіби және оқу-өндірістік тәжірибенің тиімділігі және өткізілуі, олардың кадр даярлау мақсаттары мен тапсырмаларына сәйкес :

Жоғары білікті мамандарды даярлау үшін, тәжірибелік оқытудың түрлері мен әдістері мамандарды дуалды даярлауда жүйелі жетілдіріліп отырады. Өндірістік оқытуды ұйымдастыру және кәсіби тәжірибеге жатады:

1) кәсіби дағдылар мен оқу-өндірістік жұмысын қалыптастыру (оқу тәжірибесі және өндірістік оқыту);

2) оқу-өндірістік жұмысы және кәсіби дағдыны бекіту (жұмысшы мамандығын алу үшін, өндірісте оқу, технологиялық тәжірибе);

3) кәсіби тәжірибені (өндірістік )

Кәсіби тәжірибе жалпы оқу уақытының 40% құрайды, ал дуалды оқыту бойынша 60%.

Мамандықтар бойынша оқу тәжірибесі оқу шеберханаларында, цехтарда өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен жүзеге асырылады:

Мақсаты :

Өндірістің сұранысы бойынша оқу-өндірістік мазмұнын жаңартуда колледж бітірушілерінің тұрақты сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету.

Міндеттері :

– құзіреттілікке негізделген, оқытудың әдістерін және инновациялық өндірістік технологияларды енгізу арқылы кәсіби тәжірибенің сапасын арттыру ;

– жоғары әдістемелік және оқу тәжірибелерін өткізудің жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ету;

– әр жұмыс орынын жарақтандыру (әр топта 12 адамнан) қажетті құралдар мен арнайы киімдер және қорғаныс құралдары;

– білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін көтеру, бірнеше мамандықты алу мақсатында;

Колледж директорының және әдістемелік кеңес отырысында бекітілген барлық мамандықтарға арналған оқу жұмыс бағдарламалары бар.

Оқу үрдісін өткізуді қамтамсыз ету үшін өндірістік оқыту шеберлерінің жинақталуы 100%. Ө/о шеберлерінің орташа кәсіптік-техникалық және жоғары білімдері бар. Өндірісте жүйелі түрде біліктіліктерін көтеріп отырады. 5 жылда бір рет ө/о шеберлері аттестация өтіп, біліктерін көтеріп немесе бекітіп отырады. Тәжірибе басталмай тұрып ө/о шеберлерімен, тәлімгерлерімен, тәжірибе жетекшілерімен жұмыс барысында кездесу өткізіп тәжірибенің міндеттері мен мақсаттары таныстырылады.

Өндірістік оқыту шеберлері инновациялық технологияларды енгізу бойынша нарық сұранысына байланысты жұмыс жүргізеді.

Оқу тәжірибелерінде келесідей әдістер қолданылады: тәжірибелік интегралды сбақтар, пікрталас жағдаяттары, іскерлік ойындары, оқыту семинары, жарыс, конкурстар, шебер – сынып және көрсету .

Оқу-өндірістік жұмысы қорытындысы семестр бойынша және оқу жылында педагогикалық кеңес отырысында шығарылады.

Оқу тәжірибесі

Оқу-өндірістік шеберлігі мамандықтар бойынша оқу тәжірибесінің ЖМББС талаптарына сай жасалады.

Зертханаларда және оқу цехтарында өрт сөндіру құралы, өрт қауіпсіздік нұсқаулығы және техникалық қауіпсіздік журналы бар. Оқу тәжірибелерінен өткен кезде білім алушылар техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысады.

Арнайы киім және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету -100%.

Білім алушылардың орындалған бағдарламасы туралы мәлімет есеп журналында тіркеледі.

Оқу тәжірибесі аяқталған кезде тәжірибе барысында жасаған жұмысына қарап баға қойылады.

Тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін келесідей өндірістік цехтары бар:

  1. 1. «Тігін цехы», шеберх меңг – Дуденко Н.А.

Білім алушылар жабдықтармен жұмыс істеу барысында, олардың жұмысқа дайындығын, жұмыс түрлерін, «Тігінші» мамандығы бойынша білік пен дағды қалыптастырады.

  1. «Кафе-бар» оқу шеберханасы , шеберхана меңг – Тарасова Е.И., оқу тәжірибесін өткізіп, «Даяшы» мамандығы бойынша білік пен дағды қалыптастырылады.
  2. Кондитерлік цех шеберхана меңг Тнымбаева Л.А, «Кондитер» біліктілігі бойынша алғашқы білік пен дағды қалыптастырады.
  3. «Аспаздық- зертхана» шеберх меңг – Халиди К.А., «Аспаз» біліктілігі бойынша білік пен дағды қалыптастырады.

Оқу тәжірибесінен өткен білім алушылар саны

Оқу жылдары Танысу (адам) Оқу (адам)
2014-2015 200 200
2015-2016 219 219
2016-2017 200 200


Өндірістік оқытудың сапа Мониторингі

Мамандығы 2014-2015 2015-2016 2016-2017(1 с)
Орташа бал % сапа. Орташа бал % сапа. Орташа бал % сапа.
1 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 4,3 91,1 4,5 93 4,3 94
2 1211000 «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» 4,2 72 3,9 71 3,7 81
3 0402000 «Дизайн» 4,3 93,1 4,6 93,3
Барлығы 4,3 85,4 4,3 85,6 4 87,5

Тәжірибелік сабақтардың тиімділігін көтеруге жетекшілердің, әдіскерлердің, циклдік комиссия төрағаларының және өндірістік оқыту шеберлерінің сабақты талдауы жатады.

Тәжірибе аяқталған уақытта тәжірибеден өту сапасы туралы пікірлерді тыңдау мақсатында оқу көрсеткіштері туралы мониторинг, сауалнама жүргізіледі. Сауалнама нәтижесі әдістемелік отырыстарда, педагогикалық кеңесте тыңдалады.

Оқу тәжірибесінің алдында арнайы пән апталығы, ө/о шеберлерінің декадасы өткізіледі.

Тәжірибелік оқытудың қорытынды формасы болып қорытынды шығару, нәтижелерді жалпылама айту, игерілген кәсіби дағды мен біліктілікті көрсету болып табылады.

Оқу үрдісінің өндірістегі интеграциясы

Халықаралық ынтымақтастық аясында тәжірибе жұмыс бойынша педагогтар мен ө/о шеберлерінің конкурстар мен жобаларға қатысу жұмысы жалғасуда.

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуалды оқыту формасы табысты енгізіліп келеді :

– мамандарды даярлау бойынша білім беру бағдарламасының эксперименталды білім беру бағдарламасы әзірленді «Елорда асханасы» ЖШС бірге , өндірістің 60 %, ал теориялық оқытудың 40% қамтылады;

– Ағылшын тілін енгізу бойынша эксперименттік оқу бағдарламасы бекітілді;

– Лекциялар, интегралды сабақтар, шебер-сынып компания мамандары мен бірге жүргізіледі;

– ашық есік күндері, шеберлер мен студенттердің, педагогикалық қызметкерлердің нысанында бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.

– Демеушілік көмегі көрсетіледі. «World skills» 2016 ж қалалық чемпионаты үшін, ЖШС «Елорда асханасы» 70 мың тг көлемінде көмек көрсетті.(брендтік өнімдер, баспа қызметтері), «Mariott» қонақ үйі жеңімпаздар үшін ваучер қарастырған.

– біліктілік емтихандары өткізіледі: «ASSORTI” мейрамхана желісі , «Park Inn Astana» қонақ үй желісі, ЖШС «ТАТЕХ», «Крокус» тігін өндірісі , Comfort Hotel Astana қонақ үй желісі, «Delpapa» мейрамханасы, «Атамекен» Қазақстан картасы»,ЖШС «Елорда Асханасы».

– шеберлердің өндіріс базаларында тәжірибеден өтуі.

– бітірушілердің біліктілік жұмысындағы тақырып өзектілігі келісіліп отырады, әрі қарай жұмыс берушілер өндірісі бағаланып колледж топторы жетекшілігімен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

– кәсіби даярлықты бағалауда барлық мамандықтар бойынша аттестациялық комиссияларға сырттан сарапшылар шақырылады.

Өндірістегі оқу үрдісі Интеграциясы, теориялық оқытудан тәжірибелік оқытудың қол үзбеу мәселесісн шешеді, сонымен қатар мамандардың сапасын көтереді.