Студенттер арасында «Салауаттылық – өмір нормасы» тақырыбында сайыс өткізді.

Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі бірлесіп студенттер арасында «Салауаттылық – өмір нормасы» тақырыбында сайыс өткізді. Іс – шара студенттердің назарын алкогольдік ішімдіктер ішудің алдын-алуға, алкогольдің негативтік көріністерінен хабардар ету, ішімдік ішуге деген теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Студенттер «алкогольден бас тартудың бес себептері» тақырыбында жоба қорғау, плакаттар байқауы және ішімдік ішудің зияны туралы шағын театрландырылған көріністер көрсету сайысына қамтылды.

Студенттер арасында «Салауаттылық – өмір нормасы» тақырыбында сайыс өткізді.

Тілдер апталығы аясында колледжімізде ағылшын тілінде өлең және ән сайысы өтті!

Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Боранбаева А.С Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Тарасова Евгения Ильинична “Жаңашыл педагог” номинациясын жеңіп алды.