Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің топ жетекшілері әдістемелік бірлестігі туралы ереже

Мақсаттары мен міндеттері:

*Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тәрбие жұмысының педагогикасы мен психологиясы тұрғысындағы теориялық, ғылыми-әдістемелік дайындық деңгейін көтеру;

*Бірыңғай тәрбие принциптерінің орындалуын қамтамасыз ету;

* Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлерін тәрбие жұмысының заманауи әдістері және тәсілдерімен қаруландыру;

*Топтарда өткізілетін тәрбиелік шараларды жоспарлау, дайындау және өткізу жұмыстарына педагогикалық талдау жасауды үйлестіру;

* Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің  озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тәжірибеде қолдану;

*Топтардағы тәрбие жұмысы жүйесінің қалыптасуы мен дамуына көмек көрсету.

Әдістемелік бірлестіктің құжаттары:

*Бірлестік мүшелерінің тізімі;

*Бірлестіктің жылдық жоспары;

*Бірлестік отырыстарының хаттамалары;

*Тақырыптық бақылау мен өткізілген шаралардың қорытындысы бойынша талдау құжаттары;

* Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлері бірлестігі және топтағы тәрбие жұмысына қатысты әдістемелік құжаттар;

Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің  бірлестігі жетекшісінің негізгі міндеттері:

1.Жетекшінің міндеттері:

-бірлестік жұмысын жоспарлау, дайындау, қызметін жүргізу және талдау;

-бірлестіктің жұмысы және өткізілген іс-шаралар бойынша уақытылы талдау құжаттарын жинақтау;

2.Жетекші ұйымдастырады:

– Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің  бірлескен жұмысы;

-ашық сабақтар,семинарлар,  конференциялар, бірлестік отырыстары;

-педагогтердің озық тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тәжірибеде қолдану; -тәрбие жұмыстары бойынша консультациялар өткізу

3.Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тәрбиелік шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және талдау жұмысын үйлестіреді.

4.Тәрбие жұмысының қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді;

5.Кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің аттестациядан өтуін дайындауға және өткізуге қатысады;

6.Ғылыми-әдістемелік жұмысқа қатысады.

3 курс студенті АКД-273 тобының студенттеріне “Қарақат зефирі” және “Профитроль” дайындау жолдарын көрсетті.

Студенттік кеңестің ережелері

Студенттік Кеңес туралы

Жолдауға қолдау