ASTAUfest-2019

Ұмытылған тағамдар

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі қазақ халқының ежелден дәстүрлі бай ұлттық тағамдарын зерттеуді қолға алып отыр. Жобаны дайындағанда қазақтың ұлттық тағамдарына деген көзқарасты жүйелеу басты назарға алынды. Заманауи өзгерістер кейбір ұлтымыздың тағамдарының ұмытылуына алып келді. Сондықтан да, ұлттық тағамдардың өмірге қайтып оралуына ықпал ету басты мақсат етіп алынды. Бұл бағытта жан-жақты ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы толық мағлұматтар базасын құру ойға алынуда. Сөйтіп ұмытылған ұлттық тағамдардың  халқымызбен қайта қауышуына ықпал етуді жоба өзінің басты міндеті санайды. Жоба жұмысының ашылуына арналған іс-шараға оқу орнының және Нұр-Сұлтан қаласының 30,28,55 орта мектеп педагогтері, студенттер мен оқушылар, әлеуметтік серіктестер қатысты.