«Қазақтың ұлттық тағамдарын заманауи түрде ұсыну» тақырыбында олимпиада өтті

Қараша айының 8 жұлдызында қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Мектеп, кәсіптік лицей және колледждер мен университет білім алушылары арасындағы университеттік пәндік олимпиадаға» қатысты. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы мектептері мен колледждерінен 62 команда қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша колледждің НК-281 топ студенттері Жарылкасын Зарина, Буздаева Лаура (жетекшісі-Досмаилова А.Т.) жүлделі І орынды иеленсе, АКД-258 топ студенттері Каратаев Аслан, Таубаев Нұршат (жетекшісі-Жетенова А.С.) және АКК-257 топ студенттері Бегимов Нармат, Әбіл Диас (жетекшісі-Төрехан А.Б.) ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басшылығы атаулы іс-шараға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін колледж директоры З.А.Клышбаеваға Алғыс хат табыстады.

Пара беру – бұл қылмыс

«Соғыс – өмір мен өлімнің арасындағы қыл көпір»- деген екен Б.Момышұлы.

05.05 күнi колледж директоры З. Кылышбаеваның қатысуымен бітіруші топ студенттерiмен бейнеконференция өттi.

2020 ж. 24 сәуірінде пандемия коронавирусына байланысты Zoome платформасы арқылы онлайн режимінде кезекті педагогикалық кеңес өтті.

Клышбаева Зәуре Арапқызы 1 және 2 курс студенттерімен онлайн-конференция өткізді.