Шеберлік сыныбы өтті!

22.10.2019 Ж. Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК-да халықаралық тәжірибе алмасу және Korean Food Promotion Institute және Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өзара тәжірибе алмасуы арқылы қоғамдық тамақтандыру саласының мамандарын дайындау аясында, «The secrets of Korean cuisine» инновациялық жобасы мысалында Корей институтының корей асханасы бойынша нұсқаушы-оқытушысы Hwang Kim, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің, арнайы пәндер оқытушылары мен ө/о шеберлерінің қатысуымен шеберлік сыныбы өтті. Оқытушылар мен ө/о шеберлері корей кухнясының чапчхэ мен токпокки сияқты дәмі тіл үйірерлік тағамын әзірледі. Іс-шара достық пен мейірімділік атмосферасында өтті. Колледж директоры З.А. Қылышбаеваға және осы іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.

Хатпен сұрақ жіберу