Іс-шаралар

«Адамзаттың Абайы» атауымен әдеби-сазды кеш болып өтті.

Колледжімізде «Абайдың тілі – ұлттың тілі» атты тілдер апталығының ашылу салтанатына орай «Адамзаттың Абайы» атауымен әдеби-сазды кеш болып өтті. Кеш барысында Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен қойылым сахналанды және ұлы ақынымыздың өлеңдері жатқа оқылып, әуезді әндері шырқалды.

«Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері ел Президентінің жолдауын қолдай отырып «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен дәстүрлі спорттық-сауықтыру шараларын өткізді. Салауатты өмір салтын өмірлеріне серік еткен 400 жуық білім алушылар триатлон паркі мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып кросс жүгіріп, оқу орнының спорт алаңындарында кіші футбол, волейбол ойнап бір сергіп қалды.

«Білім кілті», «Студенттік билет» табыс етіліп, білімгерлердің ант қабылдауы салтанатты түрде атап өтілді.