Көзделген квоталар туралы ақпарат

Көзделген квоталар туралы ақпарат

Колледжге оқуға түсу кезінде оқуға қабылдау кезінде «Білім туралы» заңының 26 бабының 8 тармағымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы №288 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен) айқындалған адамдарды қабылдауға келесідей квота көзделеді:

1) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

2) Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

3) Ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;

5) Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз квота қаралған.