Правила внутреннего распорядка

Ішкі тәртіп ережесі оқу тәртібін нығайтуға, оқу уақытын тиімді пайдалануға, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын, ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуы мен өткізілуін жақсартуға бағытталған.

Оқу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ, ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтаумен қамтамасыз етіледі.

Студенттердің ішкі тәртіп Ережесінің мақсаты студенттерді оқуға саналы көзқарас рухында тәрбиелеуге оқу процесін жақсартуға, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңынан туындайтын колледждің басты міндеттерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік жасау.

  1. Жалпы ережелер:

1.1. Осы ережелер колледж студенттерінің ішкі тәртібін анықтайтын нормативті акті болып есептеледі.

1.2. Студент колледж директоры бұйрығы негізінде білім беру үрдісінің негізгі субъектісі болып табылады.

  1. Студенттердің негізгі құқықтары:

2.1. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2.2. Колледж кітапханасының кітап қорын тегін пайдалануға;

2.3. Әр түрлі қоғамдық, тәрбиелік шараларға, шығармашылық жобаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, байқауларға қатысуға;

2.4. Жастар ісі комитетінің құрамына мүше болуға;

  1. Студенттердің негізгі міндеттері:

3.1. ҚР «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді  және колледждің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, педагогикалық кеңестің шешімдерін орындауға;

3.2. Таңдаған мамандығы бойынша үздік оқу, жұмыс жоспары мен оқыту бағдарламасымен қарастырылған барлық тапсырмаларды орындауға, оқу-тәрбие үрдістерінің ережелерін қатаң сақтауға;

3.3. Зертханаларда, кабинеттердегі сабақтарда және өндірістік практикалар өту кезінде студент сабақ жетекшісі көрсеткен құралдар мен аспаптарды ұқыпты қолданып, қауіпсіздік техникасын сақтауға;

3.4. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қоғамдық орындар мен колледж аумағында шылым шекпеуге және спиртті ішімдіктер пайдаланбауға, колледж мүліктеріне құрметпен қарауға;

3.5. Бірыңғай киім үлгісін қатаң сақтауға (классикалық киім үлгісі: ақ көйлек, қара шалбар; ақ кофта, қара юбка);

3.6. Сабаққа кешікпей келіп, толық қатысуға, оқу сабақтары басталғанға дейін 10 минут бұрын колледжге келуге міндетті.

3.7. Себепсіз сабақ жіберген жағдайда студент бір күн ішінде бұл туралы бөлім   меңгерушісін, топ жетекшісін хабардар етіп, оқу орнына оралған күні сабақ жіберу себебі жайлы мәлімет беруі қажет. Колледжге келген күні бірден сабақтан қалған себебін айғақтайтын мәліметтерді, құжаттарды (анықтамалар, хат, жеделхаттар, және т.б) көрсетеді;

  1. Тыйым салынады:

4.1 . Колледж ғимаратында:

а) Дауыстап әңгімелесуге, сабақ кезінде дәлізде жүруге;

б) колледж ғимаратында және аумағында:

– джинси шалбар, спорттық шалбар, футболка, қысқартылған шалбарлар ;

– топик, майка, сланцы және т.б. киюге тыйым салынады;

4.2. Классикалық үлгілерден тыс шаш үлгілерін қолдануға тыйым салынады.

4.3. Колледж студенттеріне орамал (хиджаб) тартып, діни бағыттағы киім киюге, сақал-мұрт қоюға, денеге сурет салуға (татуировка) рұқсат етілмейді.

  1. Оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік:

5.1. Оқу жоспарын орындамаған, ішкі тәртіп Ережелерінде, студенттің ар-ождан Кодексінде көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерді жауапкершілікке тарту, тіпті Колледжден де шығаруға дейінгі қатаң шаралар қолданылады. (ескерту, сөгіс, колледжден шығару Педагогикалық кеңеске ұсыныс жасау)

5.2. Колледжде, қоғамдық орындарда, демалыс уақытында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін студенттерге төмендегі тәртіптік жазалардың бірі қолданылады:,

-қатаң сөгіс;

-колледжден шығару туралы Педагогикалық кеңеске ұсыныс жасау.